Ұлттық банк доллардың қымбаттауының себебін түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024
- 378
АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесінен кейін Қазақстанды доллар қымбаттады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Трамптың жеңісі АҚШ долларының нығаюына және дамушы елдердің валюталарының, оның ішінде теңгенің әлсіреуіне себеп болды.
“Мұнай бағасының қалыпты төмендеуі де экономистердің ықтимал сауда баждары мен АҚШ-тан мұнай жеткізілімдерінің ұлғаюы туралы болжамы аясында барреліне 74-75 АҚШ доллары деңгейінен 71,83 АҚШ долларына дейін (2024 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша) көтерілді. Сыртқы нарықтардағы құбылмалылық валюта нарығына қатысушылардың мінез-құлқына әсер етеді. Біз шетел валютасына ұсыныстың айтарлықтай төмендеуін және бір мезгілде оған сұраныстың артқанын көріп отырмыз, бұл өз кезегінде теңге бағамының әлсіреуіне ықпал етеді. 2024 жылдың қараша айының басынан бері биржалық сауда-саттықта ұлттық валюта бағамы 1,4%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 495 теңгені құрады”, – дейді Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша айырбас бағамының құбылмалылығын арттыратын алыпсатарлық операциялардың өсуі байқалған.
“Өтімділіктің жеткіліксіздігі жағдайында бұл тұрақсыздандыратын валюта бағамының ауытқуына әкелуі мүмкін. Ұлттық банк іргелі факторлармен негізделген ұлттық валюта бағамының өзгеруіне жауап бермейді. Алайда Ұлттық банк осы жолғы ұлттық валюта бағамындағы құбылмалықты дұрыс емес деп есептейді. Сондықтан Ұлттық банк ішкі валюта нарығындағы жағдайды бақылайды. Ағымдағы үрдістер, әсіресе алыпсатарлық жалғаса беретін болса, айырбас бағамының әділ қалыптасуын, валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру және ұлттық валюта бағамының күрт ауытқуы тәуекелдерін болдырмау мақсатында Ұлттық Банк шұғыл әрекет етуге дайын”, – дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдағы индустриалды аймақта жаңа өндіріс орындары ашылды
- авторkyn.kz
- 5 желтоқсан, 2024