Қазақстанда ең төменгі жалақы 2027 жылы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:56
- 68
"Сондай-ақ біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын", - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл 77 мыңнан аса маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Президент жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейтіле беретінін айтты.
"Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді", - деді Тоқаев.




