Қоғам
Аида Балаева: «Волонтерлік пен қайырымдылық қорының дамуы алаяқтыққа қолайлы жағдай туғызады»
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2024
- 300
Барлық қазақстандықтарды сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдіру керектігін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жазуынша, волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр.
«Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтық пен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», – дейді ол.