-9 градусқа дейін аяз: 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- автор kyn.kz
- 15 қараша, 2024
- 265
Бүгін Алматыда аздаған бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы 3 градусқа дейін көтеріліп, түнде -8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 1,5 м/с болмақ. Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады.
Күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін жетіп, түнде -9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7,3 м/с болады. Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 9 градусқа дейін жетіп, түнде -3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,0 м/с деңгейінде болмақ.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады, батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, елдің солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.