«Папа емессің» деді»: Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызының өзін әке ретінде қабылдай алмағанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2024
- 301
Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызының өзін алғаш көргенде қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол “Taboo” бағдарламасында әңгімеледі. Ол қызын мойындамаған. Алайда, ДНҚ-тесттен кейін өзінің қатесін түсінген.
“Айшамен кездеспей тұрып, анасы Айдана екеуміз жолықтық. Бәрін асықпай шешіп алайық дедік. Содан кейін Айша әпкесімен келді. Мен бәрін шын жүрегіммен жасадым. Бірақ әпкесі “Бізден саған не керек?!” деп сұрады. Бұл сұрақ сүйектен өтіп кетті. Сол кезде мен бәрін ашық айттым. Инстаграм үшін жасап жатыр деп ойлаған болу керек. Халық шулап жатқанда мен де қатты қиналдым. Басында қызым екенін мойындаған да жоқпын. Жағдайды шын қабылдамадым, Еуропаға кетейін деп жүргенмін. ДНҚ-ны да жай тапсыра салған едім. Бірақ 100 пайыз менің биологиялық қызым болып шықты. Содан кейін барып өзімнің не бүлдіріп қойғанымды түсіндім. Қызыма көлік сыйлап, баспана алып бергенім үшін мақтанбаймын. Болашақта да көмектесіп тұрамын. Ең алғаш кездескенде өзіме қатты ұқсаттым. Айша нағашы атасын “Папа” дейді екен. Мен сұрағанда: “Папа емессің” деді. Қазір бәрі жақсы. Мені қабылдамайды деген қорқыныш болған еді”, – деп ағынан жарылды блогер.
Бұл оқиғаны әйеліне қабылдау қиын болғанын айтып, түсіністікпен қарағаны үшін алғысын білдірді.
“ТikTok-ты Айшаның анасы шулатып жатқанда Дари да көрді. “Мына қызды шынымен танисың ба?” деп сұрағанда «танымаймын» деп айттым. Екеуміз де ол жағдайға мән бермедік. Бірақ соттан қағаз келіп, ДНҚ тапсырғанда бәрі белгілі болды. Дари да “ДНҚ тапсырасың ба, тапсырып көр” деді. Астанада жүріп тапсырдым. ДНҚ қорытындысын сотқа жетпей-ақ таныс адамдар арқылы біліп алдым. Сол кезде-ақ менің қызым бар екенін түсіндім. Үйге жеткенше ойланып келдім. “Бұл – сенің көзіңе шөп салу емес, саған дейін болған жағдай. Менің биологиялық қызымның бары рас” дедім. Әйелімнің сол кездегі ішкі сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ екеуміз де баланың кінәсі жоқ екенін біліп тұрдық”, – деді Дархан.