Қоғам
Ақмола облысында мешітте жарылыс: үш адам қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қараша, 2024
- 1.4k
Үйінді астынан ер адамның, әйел адамның және 12 жасар баланың мәйіттері табылды
Ақмола облысындағы мешітте газ жарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Салдарынан үш адам қаза тапты. Сондай-ақ, 16 адам зардап шекті.
Жарылыстың салдарынан Сабынды ауылындағы ғимарат толығымен қираған. Үйінді астынан ер адамның, әйел адамның және 12 жасар баланың мәйіттері табылды.
Жарақат алған 16 адам Астана қалалық ауруханасына жеткізілді.
Үйінді астынан құтқарушылар алты газ баллонын шығарды. Аймақтағы ТЖД
департаменттің базасында жедел штаб құрылды.
“Облыстық ТЖД құрамынан 30 құтқарушы мен 5 техника, сондай-ақ жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, психологтар мен кинологтар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр”, - деп хабарлады жедел штаб.
Келесі мақала
Ақтауда оқушыны өз қатарластары ұрып-соқты
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Қоғам
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024