"Жылап, көмек сұрады": Баян Мақсатқызы Ерке Есмаханның басынан өткен қиындықты жайып салды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:06
- 1.4k
Баян Мақсатқызы өзі тәрбиелеп, жетекшілік еткен қыздар арасында Ерке Есмахан өзінің жеке жұлдызды сәтін ұзақ күтіп, қажыса да қайтпай еңбектенгенін есіне алды. Сөзінше бүгінде жұрт назарындағы Ерке Есмахан кезінде танылудың армандап, еңбегі ақталмаған кездері қатты жылаған, бұл туралы продюсер Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Ерке Есмахан жұлдызды сәтін ұзақ күтті, көп еңбектенді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, "Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?" деп айтатын. Мен оған "Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма" дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. "Не істейміз?" деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады, соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті", – деді продюсер Din Dina Show бағдарламасында.