"Ата-енеммен тұрам, шаш ағарды": Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқын туралы бар шындықты айтты
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2024
- 8.2k
айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың махаббаты, бас қосуы мен отбасы болуы ел талқысынан көз ашпаған. Бүгінде әншінің жары атанған Жұлдыз тележүргізушілікті де қатар алып жүр. Ол отбасылық жағдайы, күйеуімен қарым-қатынасы туралы ашық әңгімеледі. Тіпті қазіргі күні есейіп, Айқынның кей қылықтарына мән де бермейтін деңгейге өткенін OZMZ бағдарламасына берген сұхбатында айтқан, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
«Айқын қатты қызғанады. Бұған етім үйреніп кетті. Енді жылдар өткен сайын өзгеріп келеді. Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін. Кейін уақыт өте жүйке клеткаларым қалпына келмейтінін түсіндім. Шаш ағарды, екі бала өсті. Қазір ата-енеммен тұрамыз, бала-шағамның көзінше жылап-еңірегеннен пайда жоқ екенін түсіндім. Қазір барынша қалыпты қабылдаймын. 19 бен 29 арасы да осындай деп білемін. Қазір қарым-қатынас басқа деңгейге көтерілді», – деді Жұлдыз Өмірғали.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024