«Басқа әйел алып, кетуіңе болады»: Майра Мұхамедқызы күйеуіне екінші рет үйленуге өз рұқсатын берген (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024
- 666
Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы алғаш рет күйеуі жайында айтты. бір кездері оған басқа әйелге рұқсат берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұл туралы тележүргізуші Дана Нұржігітке берген сұхбатында айтты. Ерлі-зайыпты сәбиді 20 жыл күткен.
«Бала болмаған кезде мен оған «Өліп кетсем де саған туып бере аламын» деп сөз бердім. Егер мен бала туа алмасам, сен басқа әйел алып, кетуіңе болады дедім. Солай рұқсатымды бердім. Мен махаббатымды қиямын дедім. Ол «Өмірдің мақсаты, мәні әрине бала. Бірақ біздің махаббатымыз бар ғой деді. Ол бала — Алланың қолында деді. Алла берем десе береді, бермеймін десе бермейді. Ол біздің құзырымызда емес. Біздің денсаулығымыз да, бәрі жақсы. Бірақ бермесе, оған кім кінәлі? Сондықтан мен түсінемін, бәрі бір Алланың қолында. Сен тастамасаң, мен сені тастамаймын» деп айтты», — дейді опера әншісі.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024