
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған азамат Қазақстанға қайтарылғанын хабарлады, деп жазады деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келген. Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарының қолына түскен.
Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталған. ҰҚК фигурантқа қатысты қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Қоғам
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025