«Ішіндегі уларын шашып, лас сөздерді айтады»: Ерке Есмахан қысымға тап болғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қараша, 2024
- 767
Белгілі әнші Ерке Есмахан желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманға жауап беріп, оның суретін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Сонымен қатар өнер иесі көпшілікке ескерту жасады.
“Ұйықтар алдында әлеуметтік желіні қарап отырып, бір видеодан өзім туралы мынандай пікірді оқып қалдым. Кім түсіндіріп бере алады маған? Не мағына береді? Жақсы-ақ адам сияқты. Өзі ғана сондай ма екен? Әлде құрбылары да сондай ма екен? Қысқасы, сөз жоқ. Тек сіздермен бөлісіп қояйын дегенмін ғой. Неше түрлі адам болады. Біліп жүріңіздер”, – деп жағымсыз пікір жазған оқырманының фотосын жариялады.
Әр адамның айтқан ауыр сөзі жүрегіне тиетінін жеткізді.
“Менде жүрек жоқ деп ойлап, сонша мені көре алмай, ішіндегі уларын шашып, лас сөздерді айтатын адамдарды Аллаға тапсырдым. Әр қиындықты, ауыр сөзді, мазақты күліп қарсы алып, сабырлықпен жеңгеніммен іштей суып, тынып жүретінімді біле жүріңіздер", – деп жазды әнші.
ҚазҰУ ғалымдары ғарышқа микроспутник ұшырмақ (ФОТО)
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024