Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мені ұрып, мойнымнан қылқындырды»: Түркістан облысында түрме қызметкерін бастықтары қорлап келген (ВИДЕО)

«Мені ұрып, мойнымнан қылқындырды»: Түркістан облысында түрме қызметкерін бастықтары қорлап келген (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Ер адам полицейлерді шақырса да, олар мүлдем шара қолданбаған

Түркістан облысындағы №55 түзеу мекемесінің бұрынғы қызметкері әділдік сұрайды. Майор Дархан Төлегенов түрме басшысы ұрып-соғып, жұмыстан мәжбүрлеп шығарды деп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Ішкі істер органында 15 жылдан аса тәжірибесі бар азамат өзге де заңсыздықтарды айтып берді. Жәбірленуші Дархан Төлегенов түзеу мекемесінде жарты жыл ғана жұмыс істеген. Ол түрменің үш бірдей басшысы кабинетке кіргізіп, соққыға жықты деп отыр. Оны орындықпен ұрып, негізсіз жала жапқан. «Қызмет бөлмесіне кіргізіп алып, «Мекемеге есірткі кіргізбек болдың, сотталғанға ұялы телефон кіргізбек болдың» деп жалған айыптады. Сол жерде мені ұрып, мойнымнан қылқындырып, мәжбүрлі түрде баянат жаздырып алған», – деді Дархан Төлегенов.

Ер адам полицейлерді шақырса да, олар мүлдем шара қолданбаған. Дегенмен бұл жайттан кейін түзеу мекемесінде тексеріс жүргізілген екен. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бөлім бастығы Қарлығаш Құралбаева мүлдем заңбұзушылық анықталмағанын айтады.

«№55 түзеу мекемесінде сотталғандар мен заңсыз қарым-қатынасқа түскендер дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, қорытындысына сәйкес теріс қылықтармен босатылды. Басшыларына қатысты прокуратура мен қызметтік тексеру жүргізіліп, қорытындысына сай дәлелін таппауына байланысты тексеріс тоқтатылды», – деді Қарлығаш Құралбаева.

Ер адам енді Ішкі істер министрлігіне шағым түсірмек. Айтуынша, бейнебақылау камерасында барлық жайт жазылып қалған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар