Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрледі: бес қылмыстық істің тергеуі аяқталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 қараша, 2024
- 127
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қызылорда облысындағы жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы оқушының ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап
Сәденовтің айтуынша, іс бойынша күдікті 13 адам бар. Олардың саны өзгермеген.
«9 қылмыстық істің 5-і аяқталды. Жалпы бірнеше іс қаралып жатыр. Соңында істер сотқа жіберіліп, нүкте қоямыз», - деді министр.
Биыл тамыз айының басында Қызылорда қаласында мектеп оқушысының анасы сыныптастары қызын есірткі қолдануға мәжбүрлеп, күштеп ұстағанын, ақша бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенін мәлімдеген. Кейін оқиғаның егжей-тегжейі арнайы өткен брифингте баяндалды.
"Не молчи" қоғамдық қорының араласуымен сұмдық деректердің беті ашылды. Сол күні белсенді Айсана Әшім «16 жастағы қызды 1000 еркек зорлағанын» айтып дабыл қақты.
Бұдан бұрын оқушыны секс-құлдыққа салған 13 адам бары айтылған. Жәбірленуші қыздың анасы Ulysmedia.kz-ке сұхбат беріп, іс бойынша 200 адам тергеліп жатқанын айтқан.
Өткен айда ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха іс бойынша 13 фигурант анықталып, олардың 11-і қамауға алынғанын хабарлаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024