Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жолымыз екіге айырылды”: Мақпал Исабекова Дильназ Ахмадиевамен араласпауының себебін түсіндірді

“Жолымыз екіге айырылды”: Мақпал Исабекова Дильназ Ахмадиевамен араласпауының себебін түсіндірді
Сурет: time.kz
Бұл уақытша ма, мәңгіге ме білмеймін

Танымал әнші Мақпал Исабекова әріптесі әрі жақын құрбысы болған Дильназ Ахмадиевамен не себепті араласпай кеткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. 

“Диля екеуміз ешқашан ұрысқан емеспіз. Өмір болған соң, мұндай жағдайлар болып тұрады. Түрлі себептермен адамдар бір-бірінен алыстап кетеді. Оның маған істеген жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, алғысым шексіз. Мен өзім жеке әнші ретінде шыққанда оның қолдауы ерекше болды. Ол сөзімен ғана емес, ісімен де қолдады”, - деді ол.

Мақпал Исабекова Дильназ екеуінің жолы екіге айырылғанын айтты. 

“Оның қолдауы мені алып қалды десем де болады. Ол өте жомарт жан. Мен оны әрқашан да қолдаймын. Бірақ қазір біздің жолымыз екіге айырылды. Бұл уақытша ма, мәңгіге ме білмеймін. Уақыт өзі бәрін реттейді", - деп жазды Исабекова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар