«Жоғалған түні анасына видео жіберген». Екібастұзда 9-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр
- автор kyn.kz
- Бүгін, 15:28
- 464
Іздеу жұмыстарына полицейлер, құтқарушылар және өңір тұрғындары қатысып жатыр.
Полицияға 2009 жылы туған 9-сынып оқушысы Тамерлан Алданышұлы Өмірбаевты іздеуге көмек сұрап, туыстары жүгінген. Кәмелетке толмаған бала 22 қарашада түнгі сағат үш шамасында Әуезов көшесі, 157 мекенжайындағы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жасөспірімнің бойы – 170-180 сантиметр, орта денелі, шашы қою қоңыр, көзі қоңыр, сол жақ бетінде қал бар. Үстінде ашық қоңыр-қара күрте, қара джинсы, бас киім және кроссовка болған. Жанында ұялы телефоны болған.
Жоғалған түні оқушы теміржол бойымен кетіп бара жатқанын видеоға түсіріп, анасына жіберген. Осыдан кейін анасы полицияға жүгінген, - деді VITA жетекшісі Екатерина Кудрявцева.
Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді іздеуге республикалық "Қыс-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жатқан өңірдің ТЖД елеулі күштері мен техникалары жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та қолданылып жатыр.