Басты жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне байланысты қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 11:44
- 188
Тәуелсіздік мерекесіне байланысты үш күн ресми демалыс жарияланатын болды.
Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбі. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс . Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 15 және 16 желтоқсан демалады.
Еске салайық, жаңа жыл қарсаңы, яғни 31 желтоқсан жұмыс күні болмақ. Жаңа жылдың алғашқы төрт күні — демалыс.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшінші қаңтар, яғни, жұмадағы жұмыс күнін жексенбіге ауыстыру туралы бұйрық шығарған. Ал 5 және 6 қаңтар — жұмыс күні.
Жетінші қаңтарда Рождество мерекесіне орай, тағы бір демалыс бар. Әрі қарай жұмыс кесте бойынша жалғасады.