Шымкенттік блогер Аско прокурордың бас киімін кигені үшін 10 күнге қамалуы мүмкін (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қараша, 2024
- 387
Әлеуметтік желіде «Аско» атымен танымал шымкенттік блогер Асхат Балқыбаев прокурордың бас киімін киемін деп басы бәлеге қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға осы жылы 9 қазанда Түркістан облысы прокуратурасында орын алған. Блогер прокурорлардың біріне тиесілі фуражканы киіп көрген. Оны қораптан алып «Бұл енді менің бас киімім» деп айтып, видеоға түсірген.
Оның бұл әзілі әкімшілік құқық бұзушылық деп бағаланып, Балқыбаевтың үстінен ҚК 434-бабы бойынша іс қозғалды. Блогер полиция шақыруына екі рет келмеген. Бірақ құқық қорғау органдары оны тауып, сотқа жеткізді.
19 қарашада Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Балқыбаевты ұсақ бұзақылық жасады деп танып, оны 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.
Бірақ Балқыбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартып, хаттамаға өзінің орнына басқа біреудің қол қойғанын айтты.
«Маған сыртымнан әкімшілік бұзақылықты іліп, мені қамамақшы ма әлде айыппұл салмақшы ма? Менің сыртымнан толтырылған әкімшілк хаттама 21 қазан күні 23:14 сағат шамасында толтырылған. Біріншіден, учаскелік полицейлердің қызметкерлері қызметтік атқару жүйесіне келетін болсақ, олар ҚР заңы бойынша олар 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Екіншіден, менің орныма қол қоятын жерлерге менің қолым емес, сыртымнан біреу келісім беріп жіберген. Қызығы бұл жерде мазмұнымен таныстым деп келіскен. Ал 21 қазан күні Түркістан облысында болмағанмын. Менің бір емес, бірнеше дәлелдерім бар», - деді блогер.