Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алатын болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 қараша, 2024
- 162
Қазақстан мен Сент-Китс және Невис бір-бірін визалық талаптардан босатты. Келісім 2024 жылғы 20 қарашада үкіметтің қаулысымен бекітілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қаулыға сәйкес, азаматтар мен жарамды жол жүру құжаттарының иелері алғаш кірген сәттен бастап әрбір 365 күндік кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге екінші Тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше мәрте кіру, одан шығу, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.
Ұзақ тұруды қалайтындар заң талап ететін тиісті визаны алуы керек.
Қазақстан Республикасы бойынша жарамды жол жүру құжаттары: дипломатиялық паспорт; қызметтік паспорт;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; қайтып оралуға (тек Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін) арналған куәлік;
теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді бойынша).