Апелляциялық сот Айтбек Амангелдінің Бишімбаевтан моральдық шығынды өндіру туралы шағымын қанағаттандырмады
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 қараша, 2024
- 565
Астана қаласының соты азаматтық істер жөніндегі алқасы Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы шағымын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бірінші сатыдағы сот экс-министр Бишімбаевтан қылмыстық іс бойынша шығындар үшін 6 877 672 теңге және моральдық зиян үшін 10 млн теңге өндіру туралы шешім шығарды. Бірақ Айтбек Амангелді моральдық зиян өтемақысын 1,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды талап етіп, апелляциялық шағым берді.
«Қаза болған әйелдің ағасы болған оқиға салдарынан моральдық күйзеліске ұшырағанын, денсаулығының нашарлағанын және еңбекке жарамдылығын жоғалтқанын мәлімдеді», – деп хабарлады сот өкілдері.
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырып, талап қоюшының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.
Сот актілері заңды күшіне енді.