“Мағжан қайда?”: Әсел Сәдуақасова өзінен 9 жасқа кіші күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 қараша, 2024
- 658
Белгілі актриса Әсел Сәдуақасова өзінен 9 жас кіші күйеуі Мағжан Тілеухановпен ажырасып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram парақшасының Stories бөлімінде айтып берді. Оқырмандары актрисадан күйеуіне қатысты сұрақтар қоя бастаған.
«Бүгін жеке өміріме қатысты бір жағдайды айтатын уақыт келді. Көпшілігіңіз сезіп те жүрдіңіздер. Соңғы бірнеше айда күніне кемінде бір рет «Мағжан қайда? Сіздер ажырасып кеттіңіздер ме?» деген хаттар келетін болды. Иә, дұрыс ойладыңыздар. 4 қазан күні біз ресми түрде ажырастық.
Бұл өзара жасалған шешім болды. Ешкім ешкімді тастап кеткен жоқ. Осыған дейінгі әрбір қадамды бір бірімізге айтып отырып жасадық. Осы жылдың сәуір айында біз ажырасу туралы шешім қабылдадық. Арамызда реніш бола бастады. Осыдан кейін де отбасы болу үшін үйлесімді өмір сүру қолымыздан келмей жатқанын бірге талқыладық. Оған нақты себеп жоқ. Тек бірге өмір сүруіміз қиындай берді. Бір отбасы ретінде тіл табыса алмадық», - деп жазды Әсел Сәдуақасова.