Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түнде Алматыда тағы жер сілкінді

Түнде Алматыда тағы жер сілкінді
Sputnik / Тимур Батыршин
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда болды дейді мамандар.

Бейсенбі, 28 қарашаға қараған түні Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған  KYN.KZ  тілшісі.

Министрліктің Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері сағат 01:31-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы Алматы қаласында 2 балды құрады. "Қазселденқорғау" АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. "Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - делінген хабарламада. Алматы қаласы ТЖД ақпаратынша, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.

Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим саналады. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар