Доллар 525 теңге: Ұлттық банк түсініктеме берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 қараша, 2024
- 176
Алматыда ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 526 теңгеден сатылуда. Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатқанын мойындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі dala inside телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ресей рубльінің қатты құлдырауы, доллардың жалпы әлемдік нарықта күш алуы, мұнай бағасының құбылмалығы, ішкі валюта нарығындағы сұраныстыр артуы сынды факторларға жекелей тоқтала келе:
"Осы аталған факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, жекелеген кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады. Тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді", - делінген бүгінгі валюта нарығындағы жағдайларға қатысты Ұлттық банктің берген түсініктемесінде.
Бұл Ұлттық банктің теңге бағамының қалыптасуына араласып, оны қолдауды жалғастыратынын білдіреді.