Ғарыш кемесін Кенесарының басына айырбастаймын: белгілі кәсіпкерге ІІМ іздеу жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 қараша, 2024
- 130
Кәсіпкер, Байқоңырдағы "Боран" ғарыш кемесінің иесі Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Порталдағы ақпаратқа қарағанда кәсіпкерді іздеуге ішкі істер министрлігі, нақты айтқанда Алматы қаласы полиция департаменті бастамашыл болған. Хабарландыру 2 күн бұрын жарияланған.
Кәсіпкер не үшін іздесітіріліп жатқаны туралы мәлімет жоқ.
Алайда Дәурен Мұса инстаграм желісіне бірнеше сағат бұрын ғана сторис салған. Ulysmedia.kz тілшісі кәсіпкерге де, ПД департаментіне де мәселеге байланысты сұрау салды. Ақпарат жарияланған кезде қос тараптан да жауап болмады.
Кәсіпкер Дәурен Мұсаның есімі Байқоңырдағы "Боран" ғарыш кемесіне иелік ететіні туралы ақпарат шыққаннан кейін көпшілікке кеңінен тарады. Одан ресейлік “Роскосмос” басшысы Дмитрий Рогозин ғарыш кемесін сатып алмақ болып, алайда кәсіпкер оған келіспей, оқиға сотта жалғасып, халықаралық дауға айналған.
Кәсіпкер “Байқоңыр” РКК АҚ-ны ғарыш кемесімен қоса 2002 жылы сатып алғанын алғанын айтады. Ол мекеменің 80 пайыз акцияларына иелік етеді, қалған 20 пайызы “Инфракос” мемлекеттік мекемесінің үлесінде.
Ресей тарапы ғарыш кемесін сатуды сұрағанда Дәурен Мұса оны “қазақтың соңғы ханы Кенесарының басына ауыстыратынын” айтқан. Кейін мәселе тынышталып, қоғам назарынан тыс қалды.
Доллар 525 теңге: Ұлттық банк түсініктеме берді
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024