«Орынсыз қызғана берме»: Ғаділбек Жанайдың әйелі жылап қалды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 қараша, 2024
- 165
Әнші Ғаділбек Жанай әйеліне ән арнаймын деп оны жылатып қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі өзіне бар өмірін арнаған әйелін әні арқылы жеткізді.
“Маған сеніп, бар өміріңді арнағаның үшін осы ән кезекті сыйлығым деп қабыл ал, Қатөш! Орынсыз қызғана берме! 7 миллиард адамның ішінен таңдағанымның өзі жеткілікті емес пе?! Ақа жезде,Талғат бауырым керемет шедевр үшін рақмет”, – деп жазды әнші.
Туындының авторы ақын Ақберен Елгезек әнді жарының туған күніне орай жазған екен.
“Динамның туған күніне сыйым болсын деп осы әнді арнайы жаздырдым. Талғат Лес бауырым жүрегімнің пернелерін дәл тауып басып, әдемі ән шығарды. Оны таланты бөлек, өзі ақжүрек бауырым, қазақтың тамаша әншісі Ғаділбек Жанай жүрекпен орындап шықты”, – деп жазды ақын.