«5 литр бензин шашқан»: Атырау облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін екі балсымен бірге өртеп жіберді
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қараша, 2024
- 174
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 3 адамды қатігездікпен өлтіріп, үйін өртеген адамға сот шешімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ер адам жәбірленушімен кездесіп жүрген. Кейін араларында туындаған келіспеушіліктен кейін жәбірленуші қарым-қатынасты тоқтатқан. Алайда сотталушы жәбірленушінің мазасын алып, оның пәтеріне кіріп, егер ол кездесуді жалғастырмаса бензин шашып өртейтінін айтып қорқытқан.
Өз өмірі үшін қауіптенген жәбірленуші сотталушыға бірінші некедегі балаларының ұйықтап жатқанын, өзінің донер жегісі келіп тұрғанын айтып, алдап, сотталушыны пәтерден шығарып жіберген. Кейін танысын көмекке шақырған. Сотталушы жәбірленушінің танысымен бірге пәтерге кіріп кеткендерін көріп, ашуланып, қызғаныштан 5 литрлік бензинді жәбірленушінің балалары жатқан бөлмеге шашып, өртеп кеткен.
Салдарынан жәбірленушінің 10 жасар ұл баласы және 7 жасар қыз баласы пәтерде қаза болды. Ал жәбірленуші ауруханада көз жұмды.
«Сотталушы ҚК-тің 149-бабының 2-бөлігімен, 202-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтарымен, 99-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 5,6-тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 5,6-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді» делінген хабарламада.
Тимур Сүлейменов: «500 деген психологиялық сан»
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024