Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ішегім іріңдеп кетті»: Алматы облысында 34 жастағы әйел 13 жыл бойы күйеуінен таяқ жеп келген

«Ішегім іріңдеп кетті»: Алматы облысында 34 жастағы әйел 13 жыл бойы күйеуінен таяқ жеп келген
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Тұрмыстық зорлықтың құрбаны болған әйел басынан өткен сұмдықты туған-туыстарынан ұзақ уақыт бойы жасырып келген

Алматы облысында "13 жыл бойы күйеуімнен қорлық көрдім" деген 34 жастағы Қамар Алпамыс жұбайының заңмен жазалануын талап етеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Информбро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамның зілдей жұдырығынан жапа шеккен әйел полицияға арыз да жазған. Алайда, жәбірленушінің айтуынша, құзырлы орган өкілдері 8 айдан бері шарасыз отыр. Тергеушілер түлкі бұлаңға салынып, қозғалған қылмыстық іс орнынан жылжымай қалды дейді. Тақырыпты әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын. 34 жастағы Қамар Алпамыс кейін қорқынышты түсіне айналатын ер адаммен 13 жыл бұрын отау құрып, одан 3 қыз дүниеге әкелген. Айтуынша, күйеуі қол көтеруді неке қиған күннен 3 ай өте салғанда бастап, кейін оны әдет қылған. Қамар сонда да кешіріммен қарап, төзіп келдім дейді.

"Мен сені бауыздап өлтіріп тастаймын деп мойынымды машинаның әйнектеріне қажады. Былай ішімнен ұрып, еңкейгенде бетімнен ұратын. 2023 жылы майда менің ішегім іріндеп кетті. Жарылып кетті. Соның салдарынан мен өмір бойы ана болу бақытынан айырылдым”, – дейді келіншек.

Тұрмыстық зорлықтың құрбаны болған әйел басынан өткен сұмдықты туған-туыстарынан ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Осыдан 8 ай бұрынан Қарасай аудандық полиция басқармасына жүгініп, арыз жазған екен. Бірақ құзырлы органнан қолдау болмапты.

"Әділетсіздіктің буынан тұншығамын. 8 ай бойы 4 рет жауап бердім, 4 беттестіруге қатыстым. Ең мықты деген адамдардың өзі маған адвокат болса да, Қарасай аудандық полициясы ешбір қозғалыс жасап отырған жоқ”, – дейді келіншек.

Ал Алматы облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін ғана хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде заңды шешім қабылдай отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатын болады.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

"Құзырлы орган өкілдері қылмыстық іс бойынша күдіктінің бар-жоғын мәлім етпеді. Жәбірленушінің сөзіне сенсек, зорлық көрсеткен азаматты уақытша қамауға алмақ түгілі, шара қолданылмаған. Әділдік іздеген Қамар Алпамыс енді прокуратураға шағым түсірмек”, – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар