«Ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек»: Тамара Асар көпшіліктің сынына қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 желтоқсан, 2024
- 1.0k
Әнші Тамара Асар ер адамды әйелі өзінен артық сүюі керек дегені үшін сынның астында қалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы Din Dina show бағдарламасында берген сұхбатында әңгімеледі. Сонымен қатар, әнші ер адам қандай болу керегін әңгімеледі.
«Ер адам болу іш пыстырады. Себебі ол тамақ пісірмейді, себебі пісіретіндер бар. Ер адам не істеу керек? Ер адам ақша табуы керек. Ер адам жауға шабуы керек. Жауды қайдан табасың, бейбіт күнде? Кіммен барып соғысасың? Өзінің табиғатында қан көру керек. Ол қазір басқа формаға айналып бара жатыр. Себебі өзінің табиғатынан алыстап кетті. Ал алыстаған кезде ол жалғызсырайды, ол жылағыш болады. Ол бала кейпіне түсіп кетеді. Ер адам еркіндікпен әйелінің қасында болуы керек. Жауға шаппаған ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек. Сонда ол ер адам табиғатынан алыстамайды», — дейді ол.
Алайда желі қолданушылары әншінің айтқанымен келіспейтінін айтып, түрлі пікір қалдырған.
Доллар бағамы 536 теңгеге дейін көтерілді
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024