Қоғам
“Қырғауыл атуға шыққан”: Жетісу облысында оқушы өз қатарласына оқ атты
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 желтоқсан, 2024
- 168
Оқ атылған қару балалардың бірінің әкесіне тиесілі екені белгілі болды
Жетісу облысы Алакөл ауданының Көлбай ауылында оқушы қатарласына оқ атты, деп хабарласады KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мектептің 9 және 10 сынып оқушылары Көлбай ауылында қырғауыл атуға шыққан. Алайда балалардың біреуі қатарлас оқушыны байқаусызда аяғына оқ атып жіберген.
“Оқушы Қабанбай ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазір ол Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Оқушылар аудандық полиция, мектепшілік профилактикалық есепте тіркелмеген. Алакөл ауданының полиция бөлімі тарапынан тергеу жұмыстары жүргізілуде" – делінген хабарламада.
Оқ атылған қару балалардың бірінің әкесіне тиесілі екені белгілі болды. Оны оқушының қолдануға арнайы лицензиясы болмаған.
Келесі мақала