Асыл Армандағы 7 жасар баланың өлімі: тұрғындар президентке үндеу жолдады
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
- 320
27 қараша күні Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында қайғылы оқиға болды. Асыл Арман тұрғын үй кешенінде 7 жастағы оқушыны автобус басып кетіп, салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. 1 желтоқсан күні тұрғын үй кешенінің тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, тұрғын үй кешені маңында болып жатқан жайсыздықтар туралы петицияға қол жинайтынын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, олар осы күнге дейін жайсыздықты айтып шырылдап келген, алайда тұрғын үй кешенінің төрағасы – Серік Шағыров бұны ескермеген. Нұрлан есімді белсенді тұрғын осы үйдегі болып жатқан қиындықтардың барлығын ашып көрсетті. Оның сөзінше, көшіп келерде тұрғындарды балабақша да, мектеп те барлығы болады деп көндірген, бірақ 10 жыл өтсе де әлі күнге дейін мектеп жоқ, тек қана Ыбырай Алтынсарин атындағы бастауыш мектебі ғана бар.
Сондай-ақ ол салынып жатқан мектеп құрылысын да көрсетті. Оның айтуынша, басқарушы органдардың мектепті салуға уәде берілгеніне 10 жылдан асқан мектептің салына басталғанына 5 жыл болса да әлі құрылысы бітпеген.
Менің әйелім осы бастауыш мектепте жұмыс істейді. Салынып жатқан мектеп дәл осының артында болғандықтан, оған жұмыс барысы терезеден көрініп тұрады. Алайда жұбайым бұндай үлкен құрылыс ғиммаратында небәрі 3-ақ жұмысшы жүретінін айтты, – деді тұрғын.
«Құрылысы бітпеген» мектепке барар жолдың да жағдайы мәз емес. Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, жаңа әкімдердің бәрі бірінші кезекте осы «жол» мәселесін көтереді. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.
Тұрғындар тағы «KZ Recycling» компаниясының қоқыс қалдықтар мен тұндырғыштар тастап, кешен тұрғындарын улануы бойынша дабыл қақты. Нұрланның айтуынша бұл туралы сотқа шағымданған, айыппұл салынғанымен, әлі де өз жұмыстарын жалғастырып келеді.
Осы мәселе бойынша бізге тәуелсіз эксперттер келді де ауаны зерттеуге алып кеткен. Нақты қайсысы екені есімде жоқ, бірақ сол зерттеу кезінде бір параметр рұқсат етілген нормасынан 700 есе асып кеткен болатын. Бұл, әрине, адамдар үшін зиян. Оны 2-3 рет сотқа бергенбіз, олар сол үшін де айыппұл төлесе де әлі де жұмыстарын жалғастырып келеді.
Тұрғындардың айтуынша, шамамен бұл жер 10 жыл бұрын көшіп келген адамдардың бәріне ұнайтын. Кейін Серік Шағыров төраға болғаннан бастап жағдай төмендеп кеткен.
Бәріміз білеміз, осы жақында бала өлімі болды. Аллеяның кіре берісінде көргендей, мопед, скутерлер тұр. Бұрын ол жерде балаларды таситын автобустардың аялдамасы болған. Яғни, балалар сол автобуспен Іргелі мен Кемертоғанға барып оқып жүрген. Мен бір нәрсені түсінбеймін, неге бұны ауыстырып тастады? Бұған кім рұқсат бергені де белгісіз, – деді петицияға қол қоюға келген тұрғын.
Тұрғындар Серік Шағыровтың 2023 жылы тұрғын үй кешенінің төрағасы атағын алғаннан кейін бірден балалар аялдамасын алып тастағанын айтты. Оның бұйрығымен аялдама бөлшектеліп, Іргелі мектебінің мектеп автобустарына орталық «Асыл арман» аллеясына кіруге тыйым салынған.
Болып жатқан оқиға орнына Біржанның Дулат есімді ағасы келді. Ашынған ағасы өзінің уәжін айтты.
Мектептің тұрғанына 5-6 жыл дейді. Басқасы басқа, балалардың несібесін жемей-ақ қойса болады ғой, – деді Дулат.
Дулаттың өзі де бұл істің қалай болғанын, Біржанның қалай қаза болғанын білмейтінін айтты. Бірақ осы оқиға бойынша зерттеу жүргізіп жүргенін де жеткізді.
Оқиғаны өз көзіммен көрген жоқпын, бірақ сол туралы ақпарат жинап жүрмін. Ол жерде «жүгірген» дейді, енді ол бала ғой. Оларға қалай айтсаң да түсіндіре алмайсың. Қазір айтқаныңмен ертең ұмытып кетеді.
Баланың ағасы мектеп автобустарына көңілі толмайтынын да айтты.
Мейлі бұл жерде мектеп болған жоқ. Тасып жатыр басқа мектептерге. Сол балаларды автобусқа салып жіберетін, күтіп алатын арнайы адам жүруі керек қой. Бәрінен бұрын балалар аялдама ішінде тұруы керек. Ол бала таситын автобустар қалаға жүретін автобустардың жанында тұрады. Ол жерде қаншама көлік, қаншама автобус бар. Алып кетіп жатқан автобуста әрі кетсе 20 шақты орын бар, бірақ онымен 40-50 шақты баланы алып кетеді.
Сөз соңында Дулат осы қайғылы оқиғадан кейін тым болмаса тұрғын үй кешенінің жағдайы реттелгенін қалайтынын айтты. Сондай-ақ, баланың әке-шешесі қайғылы оқиғадан кейін Шу қаласына кетіп қалған. Дулат ол кісілердің телефон нөмірін, олар туралы ақпарат беруден бас тартты.
Асыл Арман тұрғындары балаларын 2 жерде оқытады. Оның бірі Іргеліде болса, екіншісі Кемертоғанда. Дулаттың інісі Іргелідегі Толстой атындағы мектепте оқыған.
Тұрғын үй кешенінің төрағасы Серік Шагировке 2022, 2023, 2024 жылғы қаржылық есеп беру туралы хат жеткізілген болатын. Алайда тұрғындардың талаптары елеусіз қалып, оларға қаржылық есеп берілмейді.
Халықтың айтуынша, қайғылы оқиға болған күні бір түн ішінде аялдама маңында адам өтетін жолақ сызып қойған. Оған дейін бұндай жолақ ол жерде мүлдем болмаған.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024