Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әдемі болып бармаймын ба»: трансгендер Амилай әскерге шақырылды

«Әдемі болып бармаймын ба»: трансгендер Амилай әскерге шақырылды
Сурет: Instagram/amilai_vip
Ол әскерге баруға дайындық жасайтынын айтты

Белгілі трансгендер Амилайға әскерге шақыртылғаны туралы хабарлама келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әскери комиссариат қоңырау шалғанда ол өзінің трансгендер екенін айтқан.

«Маған хабарласып, «Брат, қай жылғысың деп сұрайды. Мен брат емес, сестрамын деп жауап бердім». Содан трансгендер Амилаймын деп түсіндірдім. Маған паспортымды алып, дүйсенбі күні келуімді айтты», - дейді ол.

Ол әскерге бару үшін өзінің шашын ұзартып, кірпігін жасататынын жеткізді.

«Қой, армияға баруға дайындалайын. Шашымды қайтадан ұзартып жасатайын. Кірпігімді жасатайын. Әдемі болып бармаймын ба», - дейді трансгендер.

Бұл ретте желі қолданушылары да түрлі пікірлер қалдырды. Олар «Енді әскерге трансгендерлер де шақырылып жатыр, ал сен әлі жүрсің деп айтатын болды ғой», «Офицерлердің әйелдеріне қиын болды» деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар