Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2025 жылы зейнетақы қаншаға көбейетіні белгілі болды

2025 жылы зейнетақы қаншаға көбейетіні белгілі болды
коллаж kyn.kz
Зейнетақы қаншаға ұлғаяды Ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері ұлғайғандықтан, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері де өсті.

Бұрын 28 215 теңге болса, қазір 32 360 теңге.

Мұндағы өсім 14,7 пайыз болды. Себебі базалық зейнетақының төмен мөлшері 2024 жылы күнкөріс мөлшерінің 65 пайызы деп алынса, 2025 жылы 70 пайызы деп белгіленген. Сонымен бірге зейнетақының ең төмен мөлшері 8,5 пайызға өсіп, 62 771 теңге болды. Бұрын 57 853 теңге болған.

Айта кетерлік жайт, мұндай зейнетақыны жұмыс өтілі 1998 жылға дейін көп болған азаматтар алады. Мысалы, әйелдер үшін 20 жыл, ер азаматтар үшін 25 жыл. Осылайша, 2025 жылы есептеу көрсеткіштері және соның көмегімен есептелетін әлеуметтік төлемдер, бұған қоса қазақстандықтардың зейнетақысы ұлғаяды. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар