Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024
- 401
Маңғыстау облысында әкімге жолығуға келген ер адам ғимараттың алдында өзін-өзі өртеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. LADA басылымының мәліметінше, ер адам аутстаффингтік компанияда жұмыс істейді деген болжам бар.
Облыстық ішкі саясат басқармасының ақпаратына сәйкес, ер адам өңір басшысымен кездесе алмаған.
«Әкімдік қызметкерлері азаматқа бүгін облыс әкімі жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдамайтынын түсіндіріп, белгіленген қабылдау күні келуді ұсынды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Азаматты Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдағаны айтылды. Бірақ ер адам бұған қанағаттанбай, өзіне жанғыш қоспа құйып, өзін өртеген. От тез арада сөндірілді.
Ақтау тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында. Медициналық қызметкерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр.
Полиция өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
"Үйінің жанында асылып қалған": Алматыда оқушы өзіне қол жұмсады
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 қаңтар, 2025
Перизат Қайраттың анасы қазір қайда?: Антикор жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 қаңтар, 2025