Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді қалайды

Әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді қалайды
Сурет: rayon.in.ua
Эмиграцияның негізгі себептері ретінде елдегі төмен табыс деңгейі себеп екені белгілі болды

Қазақстаннан білікті мамандардың кету себептері төмен табыс пен болашаққа деген сенімсіздік, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониторинг бюросы осы жылдың 13-24 қарашасы аралығында  қазақстандықтардан шетелге кеткен білікті мамандар туралы пікірін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.  Сауалнама нәтижесінде эмиграцияның негізгі себептері ретінде елдегі төмен табыс деңгейі, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың нашарлығы және болашаққа деген сенімсіздікті айтылды.  

- Әр бесінші респондент (21%) елден көшу туралы ойлайды.   - 6,9% – алдағы 2-3 жылда көшуге ниетті.   - 5,6% – көшуге дайын, бірақ әзірге мүмкіндігі жоқ.   - 8,4% – белгілі бір жағдай туындаса, көшуді қарастырады.  - 78,5% – жақын арада елден кетуді жоспарламайды.  

Жас ерекшелігі мен көші-қон ниеті: - 18-29 жас аралығындағы жастардың 25%-ы көшуге ниетті.  - 30 жастан асқан топта бұл көрсеткіш 30%-ға жақын.  

Көшу себептері: 1. Жоғары жалақы іздеу – 24,5%.  2. Өздері мен балалары үшін болашақтың жоқтығы – 23,9%.  3. Жақсы жұмыс табу – 14%.  4. Өзін-өзі дамыту – 13,2%.  5. Сапалы білім алу – 11,7%.  

Ресми деректер мен көші-қон статистикасы: - 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында:   - 20 мың адам Қазақстанға көшіп келді.   - 10,2 мың адам елден кетті.  - Елден кеткендердің ішінде:   - Техникалық мамандар – 1,2 мың.   - Экономистер – 589.   - Педагогтар – 385.   - Сәулетшілер мен құрылысшылар – 261.   - Заңгерлер – 170.  

Респонденттердің көші-қонға көзқарасы:- 63,3% – шетелге кетуді түсіністікпен қабылдайды.  - 11,4% – көшуге қарсы.  - 21% – бейтарап пікірде.  

Эмиграцияның ықтимал бағыттары:- АҚШ – 7,7%.  - Ресей – 6,2%.  - Еуропа елдері – 5,1%.  - Түркия – 4,6%.  - Канада – 2,6%.  - 35% – көшуге қызығушылық танытпайды.  

DEMOSCOPE қоғамдық пікірінің эспресс-мониторингінің саулнамасының нәтижесінде білікті мамандардың шетелге кетуін азайту үшін бірнеше ұсыныстар ұсынылды.

  • Жоғары жалақы мен жұмысқа лайықты жағдай жасау
  • Сапалы білім беру жүйесін дамыту.  
  • Қолжетімді медициналық қызмет көрсету.  
  • Қауіпсіздік деңгейін арттыру қажет. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар