Алматыда көпқабатты үй тұрағынан сөмкеге салынған әйелдің денесі табылды
- автор kyn.kz
- 7 желтоқсан, 2024
- 2.4k
Алматыда көпқабатты үй ауласынан үлкен сөмке табылған. Тұрғындар көлік тұрағында кедергі келтірген сөмкені ашпастан, полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары келіп, сөмкеден бірнеше күн бұрын жан тапсырған әйелдің денесін тапты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Пәтер илерінің кооперативі Лариса Сдобникова сөмке жайлы естігенде бірден полиция шақыртқан.
«Әйл кісі көлігін қоя алмай тұрғанын, дәу ала сөмке кедергі келтіріп жатқанын айтты. Ешкімді жолатпай бірден 102,109 нөмерлеріне хабарладым. Ішінен әйелдің мүрдесі шықты. Сөмкені өзіміз немесе тұрғындардың бірі ашпағанына қуандық»,-дейді Лариса Сдобникова.
Полиция марқұмның бірнеше күн бұрын жан тапсырғанын анықтаған.
Оқиға куәгері болған тұрғын сөмкені ашқан кезде қарап тұрғанын айтады.
«Өз күртесінің бауымен байланған. Құдды бір эмбрион сияқты бүктелген. Меніңше азапталып өлген»,-дейді тұрғындардың бірі.
Полиция марқұмның 39 жастағы әйел екенін анықтаған. Тәртіп сақшылары қылмысты зерттеу жұмыстарын бастап кеткен.
Алматы полициясының заңды өкілі Салтанат Әзірбек қылмысқа қатыстылар ізделіп, себебі анықталу үстінде екенін айтты.