Талғардың шетінде кәмелетке толмаған адамды өлтіру ісімен байланысты ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол салған. Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы уақытта қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады", - делінген полиция хабарламасында.
Полиция марқұм Ш. Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын атап өтеді.
" Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып кетіп, жеке автокөлікпен кеткені анықталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.
Шерзат Болат тарапының адвокаты Саида Тәуекелова марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев көз жұмғанын растады. Телеграм-арналарда “Шерзат Болаттың ағасы төбелес кезінде қаруды бірінші алып шыққан, сол үшін өзін айыпты сезініп, өз-өзіне қол салған” деген ақпарат тараған. Адвокат Тәуекелова бұл нұсқаны терістеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты жаңа мәліметтер шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2024
Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген: ер адам 8 жылға сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2024