Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қорықтым, сол түн мені есейтіп жіберді": Асанәлі Әшімов балалық шағындағы оқиғаны айтып берді

"Қорықтым, сол түн мені есейтіп жіберді": Асанәлі Әшімов балалық шағындағы оқиғаны айтып берді
jasqazaq.kz
КСРО халық әртісі, актер Асанәлі Әшімов бала күнгі оқиғасын айтып берді.

Асанәлі Әшімов  меценат  Дулат Тастакеевке сұхбат беріп, есінен кетпейтін ауыр түн туралы айтып берді. Ол өзінің жетім өскенін, ешкімге керексіз екенін сезінген кезді мұңлы күйде баяндап берді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

“Соғыс жылдары, аяқкиім жоқ. Бар болғанның өзінде қыста киеміз деп сақтап қоямыз. Суықта ғана киеміз. Жаз-күз айларында жеңіл бәтеңке киіп барамыз. Кейде жалаң аяқ та жүре береміз. Бір күні күздің аяғына қарай мектепте отырғанда қар жауып кетті. Көзді ашып-жұмғанша айнала ақ мамыққа оранды. Сыныптастарымыздың ата-аналары келіп, балаларын алып кетті. Мені алып кететін ешкім жоқ. Сол түні мектепте қонатынымды сездім. Ол кезде от та жақпаған. Айтқанымдай, мектепте түнеп шықтым. Партаның үстінде отырдым. Менімен ешкімнің ісі жоқ. Түнімен неше түрлі қорқынышты дүниелер көз алдыма келді. Елегзіп қатты қорықтым. Сол түн мені есейтіп жіберді. Жетім екенім есіме түсті. Артымда жанашыр адамым жоқ екенін ұқтым. Өмір деген осы екен ғой деп ойладым”, – деді актер. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар