Басты жаңалықтар
«Қар, боран»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
- 1.6k
Қазақстанның орталығында 10-18 дейін аяз күтіледі
"Қазгидромет" РМК 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аптаның басында Солтүстік циклон жырасы республиканың көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды: қар, боран, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: түнде елдің батысында 0-8 аязға дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 10-18 дейін аяз, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7-20 аязға дейін, оңтүстік облыстарда 5-13 аязға дейін.