«Ол басты куәгер еді»: адвокат Шерзаттың ағасының сот ісіне дайындалғаны туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
- 318
Шерзат Болаттың ісіндегі адвокат Саида Тәуекелова Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасы жөнінде сөз етті. Айтуынша, оның ауыр психологиялық жағдайын байқамаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Олар осы сәрсенбіде сотқа баруы керек болған екен.
«Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұрқанаттың ауыр психологиялық жағдайын байқамаған едік. Шерзат ісі бойынша онымен тергеу амалдарына күнделікті жауап алу кезінде бірге қатыстық. Сәрсенбіде сотқа баруымыз керек еді. Ол сотта біз “жала жабу”, БАҚ-та “жалған ақпарат тарату” бойынша арыз түсірген болатынбыз. Сотқа дайындалған едік. Кеше де байланыстық. Материалдық қиындықтарға, ет дүкеніндегі жұмыстарына қарамастан, олардың осы істі қозғағанына қуанған едім. Кейде оларға көмектесуге де тырыстық. Олар ешкімнен ештеңе сұрамады. Бұл жаңалық – бәрінің төбесімізге жай түскендей болды», – деді адвокат Саида Тәуекелова.
Адвокат бұл оқиғаға қатысты алдағы уақытта қосымша хабарлайтынын айтты.
«Біз сотқа дайындалып жатыр едік. Ол басты куәгер әрі жәбірленушінің бірі еді. Себебі оған да сол кезде үш рет пышақ салынған. Бүгінгі жаңалық – отбасына да, бізге де үлкен трагедия», – дейді адвокат.