Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Күйеуге шыққанда өтіріктен бастай ма»: Мақпал Жүнісова Мерейге ата-анасы туралы шындықты 20 жылдан соң ғана айтқан

«Күйеуге шыққанда өтіріктен бастай ма»: Мақпал Жүнісова Мерейге ата-анасы туралы шындықты 20 жылдан соң ғана айтқан
Сурет: ашық дереккөздерден
Әншінің айтуынша, Мерей жігіттермен танысқанда өзін "албан" деп айтатын болған

Әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейге 20 жыл бұрынғы шындықты қалай айтқаны туралы әңгімеледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бұл туралы журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында  айтты. Айтуынша, бауыры әйелінің үшінші рет қыз босанғанына ашуланып, баланы қабылдағысы келмеген екен.

“Зәкең екеуміздің арамызда бала болмады. Сол жылы қатты күйзеліске түстік. Мен де шаршап кеттім. Зәкең де шындықты айтып, кейбір кісілермен ерегесіп қалды. Бір күні менің бауырым үшінші рет те қыз туған келінімізді үйден қуып жібермек болыпты. Сол хабарды Зәкеңе “Құдай бізге бала бермей жатыр, мыналар берген баланы қабылдамай жатыр” деп айттым. Ол кісі сол күні ұшып барып “Мына қызды біз бауырымызға саламыз” деп айтты. Мерей үйге қалай келді, солай өміріміз жарқырады. Бауырымның баласын өзім туғандай бағып, өсірдім. Аппақ ешкі сатып алып, соның сүтін сауып бердік. Аулаға ешкі бағып, жағдайын жасаған да күндер болды”, – деді әнші. 

Заманбек Нұрқаділов Мерейге шындықты 18 жасқа толғанда айтуға уәде берген.

“Зәкең көзінің тірісінде "Мерей 18-ге келгенде өзім айтамын" деген. Қыз 18-ге толды, мен айта алмадым. 19 жасында да айта алмадым. 20 жасқа жақындағанда айттым. Сол кезде ол жігіттермен кездесуге баратын, танысып қалады. Сосын келіп, руларын айта бастайды. Бір күні жігітіне “Албанмын” депті. Ол – өтірік қой. Арғынның қызы, қаракесек. Сол кезде шындықты айтуға бекіндім. Өз тегін, руын білсін деп ойладым. Ертең күйеуге шыққанда өтіріктен бастай ма деген ойлар да кетті. Зәкең айтамын деген болатын. Бірақ енді өзім айтуым керек деп шештім. Балалар да оған хабарласып мазалай бастады. Сол себепті маған шындықты айту керек болды", – дейді Мақпал Жүнісова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар