“Тергеу аяқталу сатысында”: ІІМ Шерзат Болаттың ісіне қатысты мәлімет берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2024
- 355
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғарда аяусыз өлтірілген Шерзат Болаттың және оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтің өліміне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, жыл соңына дейін қылмыстық іске қатысты тергеу аяқталады.
“Тергеу аяқталу сатысында. Жыл соңына дейін біз барлық сараптаманы алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда отыр. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады. Оларға қылмыстық іс материалдарын қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыруға ұсынамыз”, – дейді ол.
Ал Нұрқанат Ғайыпбаевтің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
“Кеше сот-медициналық сараптаманың нәтижелері жұртшылыққа алдын ала жеткізілді. Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Заңда тергеуге екі ай көзделген, қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Ұсынылуы мүмкін барлық нұсқалар, соның ішінде марқұмның туыстары да қаралады, процессуалдық шешім қабылданып, толық көлемде тексеріледі”, - деді Әділов.