-30 градус аяз: 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
- автор kyn.kz
- Бүгін, 09:07
- 65
Астана: Түнде аздаған қар жауады, боран. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кейде 23 м/с. Түнде температура -12-14 °C, күндіз -8-10 °C.
Алматы: Алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура -13-15 °C, күндіз -5-7 °C.
Шымкент: Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде температура -11-13 °C, күндіз +4+6 °C.
Өңірлер бойынша ауа райы болжамы
Ақмола облысы: Батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауады. Күндіз -6-11 °C, түнде -9-14 °C.
Ұлытау облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -7-12 °C, түнде -13-18 °C.
Қарағанды облысы: Батысында және солтүстігінде қар жауады. Күндіз -8-13 °C, түнде -13-18 °C.
Батыс Қазақстан облысы: Түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз барлық аумағында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз -3+2 °C, түнде -2-7 °C.
Атырау облысы: Түнде солтүстігінде қар, күндіз барлық аумағында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз 0+5 °C, түнде -3+2 °C.
Маңғыстау облысы: Күндіз батысында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз +2+7 °C, түнде -2+3 °C.
Ақтөбе облысы: Түнде батысында қар, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз 0-5 °C, түнде -5-10 °C.
Қостанай облысы: Солтүстік бөлігінде қар жауады. Күндіз -2-7 °C, түнде -8-13 °C.
Солтүстік Қазақстан облысы: Солтүстігінде және шығысында қар жауады. Күндіз -5-10 °C, түнде -8-13 °C.
Павлодар облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -4-9 °C, түнде -9-14 °C.
Абай облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -10-15 °C, түнде -27-30 °C.
Шығыс Қазақстан облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -10-15 °C, түнде -22-27 °C.
Қызылорда облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз 0-5 °C, түнде -11-16 °C.
Түркістан облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3 °C, түнде -11-16 °C.
Жамбыл облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -4+1 °C, түнде -10-15 °C.
Алматы облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -4-9 °C, түнде -12-17 °C.
Жетісу облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -3-8 °C, түнде -15-20 °C.
Синоптиктердің ескертуі:
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысындағы өзендерде мұз құбылыстарының және олардың қарқындылығының күшеюінен су деңгейінің ауытқуы жалғасады», – деп хабарлады мамандар.