Қоғам
Алматы метросында көз жұмған жігіттің құлаған сәті бейнеленген видео тарады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2024
- 1.7k
Видеода “Абай” станциясынан түскен қыздың оны құтқарып қалуға тырысқанын байқауға болады
Әлеуметтік желілерде Алматы метрополитенінде қаза тапқан жігіттің видеосы пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 10 желтоқсан күні "Абай" станциясында болды.
Көру қабілеті нашар 26 жастағы жігіт туралы әлі толық мәліметтер жарияланған жоқ. Видеода “Абай” станциясынан түскен қыздың оны құтқарып қалуға тырысқанын байқауға болады. Жігіт әп-сәтте құлап кеткен. Қыз оны ұстай алмағандықтан қауіпсіздікті бақылап жүретін кезекшіні шақырған. Кезекшенің оқиға орнына жүгіріп бара жатқаны көрсетіледі.
Оқиғаның нақты себептері мен басқа да мән-жайлары белгісіз. Трагедия көпшіліктің назарын аударды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Кортеждегі заң бұзушылық: 19 хаттама толтырылып, көліктер айып тұрағына қойылды
- авторkyn.kz
- 24 маусым, 2026
Қоғам
"Жылап, дұға оқыды": Шымкентке ұшып шыққан ұшақ әуежайға қона алмаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 маусым, 2026




