Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өлтіріп барып тыныштық табамын»: Мұғалім ағасы 6 жасынан бастап зорлаған қыз сұмдық жайтты айтты

«Өлтіріп барып тыныштық табамын»: Мұғалім ағасы 6 жасынан бастап зорлаған қыз сұмдық жайтты айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Айтуынша, оны мектептегі спорт залдың кабинетінде бірнеше рет зорлаған

10 жыл бойы мектепте мұғалім болып істеген ағасының зорлағанын айтқан Оразғалиева Еркеназ тағы да сұмдық жайттармен бөлісті. Айтуынша, сотта оның жауабын қанағаттандырарлықсыз деп қарап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Дене тәрбиесінен сабақ беретін ағасы оны спорт залда зорлаған. Бұл туралы боййжеткен өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

«Мен Оразғалиева Еркеназ Әділетқызы өткен жолғы видеоақпаратыма қосымша ақпарат айтқым келіп отыр. Жұмаханов Еркебек Еркеғали Рахманов атындағы мектепте дене тәрбиесі мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол мені мектепте де зорлап келді. Спорт залдың ар жағында кабинеттеріне апарып бірнеше рет зорлады. Спорт залда камера болса да, кабинетте камера жоқ. Осы Ергебектің атына қаншама шағым түскен... Балаларға тіл тигізген, буллинг жасаған. Ата аналардың атынан оған шағым түскен. Бірақ мектеп ешқандай шара қолданбаған. Сол ата аналардың біреуі маған көмектесіп, қосылып арыз жазды. Бірақ оны дәлелге жатқызбай отыр. Ергебектің мені қорқытып жазған смс хаттары бар. Оны да дәлелге жатқызбай отыр. «Өлтіріп барып тыныштық табамын», «Шық, әйтпесе үйдегілеріңе айтамын» деп қорқытып жазғаны бар. Ергебектің жауабын қанағаттанарлық деп, менікін қанағаттандырарлықсыз деп қарап отыр», — дейді Оразғалиева Еркеназ.

Заңгер Рақышева Ләззат бұл істі қайта-қайта қысқартып отырғандарға ашуланды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар