Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болаттың өлімі: сенатор куәгер болған екі әйелге қатысты сұраққа жауап берді

Шерзат Болаттың өлімі: сенатор куәгер болған екі әйелге қатысты сұраққа жауап берді
Сурет: ашық дереккөздерден
Сенатор бәрі заңнамаға сай жүргізілетінін айтты

Шерзат Болаттың ісінде куәгер болып кеткен екі әйелге қатысты бұрынғы ішкі министрінің орынбасары, қазіргі сенатор Марат Қожаев пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Шерзат ісіндегі екі әйелдің әрекетінде күдіктенетін нәрсе болмаса істе қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмады деп қаралатынын айтты. 

“Қылмыс құрамын айқындау үшін төрт компонент есепке алынады. Істің объективті және субъективті жағы қаралады. Солардың бәрі расталса ғана бәрі шешіледі. Журналистер қалады екен деп, біз оларды бірден жазалай кетпейміз. Бәрі заңнамаға сай қаралады. Егер сол Шерзат ісіндегі екі әйелдің әрекетінде төрт компонент айқындалмаса, тіпті біреуі мәселен, «арам пиғылы болмаса» істе қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмады деп қаралады, – дейді Марат Қожаев.

Айта кетсек отбасының адвокаты Карина Көшербаева Шерзат Болат ісіндегі екі әйел 29 қарашадағы прокуратураның жауабы бойынша тек куәгер болғанын айтқан болатын. Жасөспірімнің жақындары енді жоғары инстанцияға шағымданбақшы. Олар екі әйелдің құқықтық статусын өзгертуді қалайды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар