Қоғам
Шымкентте 50 жастағы ер адам әйелін қызғанып, буындырып өлтірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2024
- 583

Ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді. Қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген отағасы оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың отау құрғандарына бір жыл ғана болған екен. Қылмыскер бұған дейін сотты болмаған. Осыны ескерген сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
"Жұбайын өлтіру бойынша биыл 1 факті болған. Сотталушы азамат жолдасының басқа адаммен көңілдес болып жүргенін естиді. Сол қызғану себебінен ұрып-соғып өлтіреді. Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айрылған. Жасы 50-дегі азамат", - деді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов.