Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"221 мың теңгеден беріледі": Қазақстанда 5 жастан асқан балаларға арналған жинақтау жүйесі енгізілмек

"221 мың теңгеден беріледі": Қазақстанда 5 жастан асқан балаларға арналған жинақтау жүйесі енгізілмек
Сурет: fingramota.kz
Мемлекеттік сыйақы жылына 5 пайыз, әлеуметтік осал отбасындағы балалар үшін 7 пайызды құрайды

Қазақстанда 5 жастан асқан балаларды қамтитын "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы заңды сенат депутаттары мақұлдады. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов бағдарламаның ережелері 2025 жылдың басынан бастап күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Енді Қазақстанда мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ететін "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі құрылады.

Жаңартылған бағдарламаның негізгі артықшылықтарының қатарында жүйенің салымшысына мемлекет есебінен 60 АЕК (2024 жылы 221 520 теңге) көлемінде бастапқы білім беру капиталы аударылады. Жетім балалар үшін бұл сома 120 АЕК (2024 жылы 443 040 теңге).

Мемлекеттік сыйақы жылына 5 пайыз, әлеуметтік осал отбасындағы балалар үшін 7 пайызды құрайды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар