Басты жаңалықтар
Талғардағы Шерзат Болаттың өлімі: прокуратура мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 желтоқсан, 2024
- 571
Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екені хабарланды
Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар, Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз", – делінген хабарламада.