Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысының әкімі желіде талқыланған “Хутор” бандасы туралы мәлімет айтты

Алматы облысының әкімі желіде талқыланған “Хутор” бандасы туралы мәлімет айтты
Сурет: видеодан скриншот
Құқық қорғау органдары мұның ешбірі жоқ екенін мәлімдеді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғардағы “Хутор” бандасы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданы жайында мағлұмат бере отырып, қарқында дамып келе жатқанын айтты.

“Бұл жағдай барша елдің назарын Талғар ауданына бұрды. Мұнда 250 мың адам тұрады. Талғар ауданы – облыста ғана емес, Қазақстан бойынша экономикалық тұрғыдан тез дамып келе жатқан аудан. Өнеркәсіп 11%, инвестиция 44% өсті. Бюджет, салықты жинау үш есе өскен. Аймақ қарқынды дамып келеді. Ал криминалды жағдай бойынша айтсам, құқық қорғау органдары нақты жауап берді”, – дейді әкім.

Айтуынша, “Хутор” деген ұйымдасқан топ жоқ. 

“Топтың белгілі мақсаты болуы керек. Құқық қорғау органдары мұның ешбірі жоқ екенін мәлімдеді. Аймақтың әкімі, тумасы ретінде айтамын. Сондықтан “Хутор” деген ұйымдасқан топтың жоқ екенін мәлімдейді”, – деді облыс басшысы. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар