Саясат
2,4 миллион теңге: Алматы облысының әкімі алатын еңбекақысы туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 желтоқсан, 2024
- 148
Ол жалаұысы өзге әкімдерден жоғары деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев алатын жалақысы туралы айтып, 2,4 миллион теңге қандай критерийлерге сай берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялық қызметтер алаңында өткен брифинг барысында ол мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай белгіленетінін сөз етті.
“Мемлекеттік, әкімшілік және саяси қызметкерлерге жалақы тағайындау ережесі барлығына бірдей. Мұнда еңбек өтілі мен лауазымы ескеріледі. Сонымен қатар қызметінің ауыртпалығы мен жұмыс көлемі де есепке алынады. Сондықтан өзге әкімдерден жоғары деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бәлкім аударылатын қаржы мен қолына қанша қаржы түсетінінде айырмашылық бар шығар”, – деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Трамп Джо Байденді Украинадағы соғысты бастады деп айыптады
- авторТомирис Тоныкөк
- 8 қаңтар, 2025