Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Көктайғақ, тұман»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Көктайғақ, тұман»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: sakhalife.ru
16 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста қар жауады деп болжанған.

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. 16 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста қар жауады деп болжанған.

Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және боран күтіледі.

"Түнде ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында 10-18 градус аязға дейін, солтүстікте және орталықта 15-25 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 10-17 градус аязға дейін, ал таулы аймақтарда 20-27 градус аязға дейін төмендейді", – делінген хабарламада.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар